Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Қаңтар қасіреті: қаза болғандардың аты-жөні неге жарияланбайды?

Танымал

Ел аузында

Бас прокурор Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында қаңтар трагедиясынан кейін қаза тапқандардың аты-жөні неге жарияланбайды деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қаңтар 2022″ платформасындағы қаза болғандар тізімін зерттедік, ол толық емес, олқылықтар бар. Соған қарамастан қаза болғандардың тізімін ресми түрде жариялаған жоқпыз. Оны жарияласақ, отбасы және туыстарының көңіліне қаяу саламыз деп ойлаймыз. Сондықтан алдымен зерделеу керек», – деді бас прокурор.

Асылов қаңтардағы қайғылы оқиғалар салдарынан 230 адам қаза тапқанын айтты.

«Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр, лаңкестік әрекеттер бойынша – 46 қылмыстық іс. Бұл жайттардың бәрін алдымен зерделеу керек: кім құқықбұзушы, ал кім бейбіт шеруге шықты. Тергеу барысында мұның бәрін анықтауымыз керек, содан кейін ақпарат береміз», – деп қосты ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...