Тоқаев 16 наурызда халыққа жолдау жасайды

Танымал

Ел аузында

Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Бәрік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасайды деп жоспарланып отыр.
Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ «БОРТ N1» тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады», делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Вкус Вьетнама в Алматы: гастрономическая неделя в Vista превратила город в Юго-Восточную Азию

В ресторане Vista Restaurant отеля The Ritz-Carlton, Almaty проходит редкое для города событие — гастрономическая неделя «Очарование Вьетнама», где...