Эфир кезінде үнқағаз ұстап шыққан арна қызметкеріне 30 мың рубль айыппұл салынды

Танымал

Ел аузында

Мәскеудің Останкино соты сейсенбіде «Время» бағдарламасының студиясына соғысқа қарсы үнқағаз ұстап шыққан «Первый канал» қызметкеріне 30 мың рубль айыппұл салды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мария Овсянниковаға қатысты іс РФ ӘҚБтК-нің 20.2-бабы 2-бөлігі («Ескертусіз қоғамдық іс-шараны ұйымдастыру немесе өткізу») бойынша қозғалған.

Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлері бір күн бұрын жарияланған басқа видеоға назар аударған, онда Овсянникова адамдарды митингтерге шығуға шақырған.

Овсянникованың өзі сот отырысында кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.

«Кінәні мойындамаймын, бұл менің соғысқа қарсы сөзім болды», – деді ол.

Mash арнасының мәліметінше, тікелей эфир кезінде наразылық шарасын қалалық бөлімінің редакторы ұйымдастырған. Оқиғадан кейін оны полиция ұстаған.

Кейін «Первый канал» оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

“Әлқисса” өнер мектебінің шәкірттері Нью-Йоркте ұлттық өнерді дәріптеді

Қазақтың қасиетті домбырасы тағы бір мәрте әлем сахнасында күмбірледі. “Әлқисса” өнер мектебінің дарынды шәкірттері Американың алып шаһары – Нью-Йоркке...