Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Жапониядан қауіпті вирус табылды

Танымал

Ел аузында

Жапонияда тіркелген вирус қызбаның қабынуына алып келуі мүмкін және бұған дейін белгісіз болып келген. Йезо вирусы деп аталған жаңа патоген кененің шағуы арқылы тарайды. Вирустың сипаттамасы Nature Communications журналында жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2014 жылдан 2020 жылға дейін қызба және қанның құрамындағы тромбоцит пен лейкоциттің төмендеуі арқылы сипатталып келген белгісіз инфекция 7 науқаста тіркелген. Қаза тапқандар тіркелмеді. 

Хоккайдо университетінің ғалымдары Жапониядағы өзге университет және медициналық мекемелер ғалымдарымен біріге отырып Хоккайда аралында тұратын вирус жұқтырған екі науқастың қанына генетикалық зерттеу жүргізген. Ғалымдар мұның Orthonairovirus түріне жататын жаңа вирус екенін анықтады. Бұл түрге Конго-қырым гемморагиялық қызбасы да жатады. 

Мамандар вирусты Хоккайдо аралының тарихи атымен Йезо (YEZV) деп атады. 

2019 жылы Хоккайдо аралында ауруханаға 41 жастағы ер адам қызбамен жеткізілген. Ормандағы серуеннен кейін болғандықтан, ер адамды кене шағуы мүмкін деп топшылаған. Жарты айдан кейін ол ауруханадан шығарылған. Ал тест нәтижесі белгісіз вирус жұқтырғанын көрсеткен. Екінші науқас бір жылдан кейін кене шаққан соң ұқсас ауру белгілерімен шағымданған. 

Бұл жағдайдан кейін ғалымдар 2014 жылдан бастап кене шаққан пациенттердің қан үлгілерін тексеріп, тағы 5 пациентте ұқсас вирустың болғанын анықтады. Барлығында қызба мен тромбоцит және лейкоциттердің төмендеуі байқалған. Сонымен қатар бауыр қызметінің бұзылу белгілері де болған. 

Зерттеушілер осы аймақта 2010 және 2020 жылдар аралығында жануарлардан жиналған үлгілерге скрининг жүргізіп, жаңа вирустың антиденелері теңбіл бұғы мен жанаттарда бар екенін анықтады. Ал вирус РНҚ-сы Хоккайдо аралында кездесетін кененің негізгі үш түрінен табылған. 

«Йезо вирусы Хоккайдо аралында тарағанға ұқсайды және жануардан адамға кене шағуы арқылы жұғады, – деді зерттеу басшысы, вирусолог Кейта Мацуно (Keito Matsuno). – Бізге белгілі жағдайлардың ешқайсында кісі өлімі тіркелмеді. Дегенмен, ауру Хоккайдоның сыртында да анықталуы мүмкін. Сондықтан бізге вирустың таралуын зерттеу қажет”. 

Келесі кезеңде ғалымдар вирустың жабайы жануарлар мен адамдар арасында таралуын мемлекет көлемінде зерттеуді жоспарлап отыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...