Время больших перемен!

8 C
Нур-Султан
9 C
Алматы
13.3 C
Шымкент

Қазақстанда HUAWEI MateBook D 16 жоғары өнімді ноутбуктың сатылымы басталады

Самое читаемое

Обсуждаемое

Қазақстанда 28 тамызда HUAWEI MateBook D 16 – жаңа 16-дюймдік дисплейі бар жоғары өнімді ноутбуктың сатылымы басталады. MateBook әулетінің жаңа өкілі көп тұсы жетілдірілген нұсқаны ұсынады, оның ішінде мүлде жаңа, көзге ыңғайлы HUAWEI FullView дисплейі, 12-буынға жататын Intel Core жоғары өнімді процессоры, металдан жасалған жеңіл корпус, сондай-ақ құрылғылар арасында бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі бар.

Дисплей

16-дюймдік FullView дисплейі экранның корпусқа арақатынасы 90% құрайды, ал стандарттан тыс қабырғалары — 16:10. Дәстүрлі 16:9 арақатынасына қарағанда, қабырғаларының өзге мөлшерде болуының арқасында HUAWEI MateBook D 16 анағұрлым кең көріністі қамтамасыз етеді, бұл пайдаланушылардың сайттармен, диаграммалармен, деректермен және құжаттармен жұмыс жасау тиімділігін әлдеқайда арттыруға жол ашады. Оған қоса, ноутбукпен жол үстінде жұмыс істеу өте ыңғайлы, өйткені салмағы бар болғаны 1,7 кг тартатын HUAWEI MateBook D 16 металдан жасалған корпусы жеңіл әрі ықшам.
Түстердің суретін сарғыш реңкке шалдырмай, дәл беруге көмектесетін, осыған қоса пайдаланушының көз жанарын қорғайтын TÜV Rheinland Low Blue Light сертификатталған технологиясы арқасында HUAWEI MateBook D 16 пайдаланушылары көздерінің қорғаулы болатынына сенімді бола алды. Сондай-ақ, пайдаланушының көзін талдырмайтын дисплей жарықты реттегішпен қамтамасыз етілген.

Өнімділігі

HUAWEI MateBook D 16 12-буынға жататын Intel® Core™ процессорымен, екі арналы жедел жадымен және көп міндеттер мен пайдаланудың күрделі сценарийлерін қиналмай орындайтын жылдамдығы жоғары қатты денелі жинақтағышпен қамтамасыз етілген.
Өнімділігінің жоғары болуы HUAWEI MateBook D 16 есептеу қуатына ғана байланысты емес. Пайдаланушыларына тұрақты сымсыз желіні қолдануға мүмкіндік беретін HUAWEI Metaline Antenna инновациялық технологиясын пайдаланатын бұл ноутбук желінің нағыз шебері болып табылады. Тіпті Wi-Fi сигналы болған күннің өзінде жүктеу жылдамдығы 55% артады, ал ойындар мен бейнеконференциялардың кідіруі сәйкесінше 57% және 67% азаяды.
Бұдан басқа, HUAWEI MateBook D 16 пернелерінің бату тереңдігі 1,5 мм және инновациялық дизайнға ие болғандықтан, мәтіндерді күн ұзақ теруден қажытпайды. Жаңа дербес сандық пернетақта пайдаланушылардың диаграммалармен, деректермен және құжаттармен тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік берсе, пернелердің физикалық үйлесімі жұмыс өнімділігін арттыру үшін жиі қолданатын қызметтерге тікелей қол жеткізуге көмектеседі.

Ақылды конференциялар

HUAWEI MateBook D 16-ға кіріктірілген жасанды санасы бар 1080P камера суретінің сапасы мен жасанды санасының зияткерлік қызметінің арқасында бейнеконференцияларды керемет етеді.
Бейнеқоңырау кезінде жасанды санасы бар FollowCam камерасы сөйлесіп жатқан адам кадрдың дәл ортасында тұратындай етіп экранды нақты уақыт тәртіптемесінде реттейді; сондықтан ол орнын ауыстырып жатса да, сіздің назарыңыз оның айтып жатқанынан басқаға нәрсеге ешқашан ауып кетпейді. Пайдаланушының көру аясынан шықпау үшін, көру байланысы қызметі жасанды сананы пайдаланады; сол себепті, олар камераға қарап тұрғандай әсер болғанша, әңгімелесуіңіз жайлы болуы үшін экранда олардың көздері сіздің қөзіңізге қарап тұрады.


Бейнемен қоңырау шалу кезінде шашылып жатқан бөлмені жинау қажеттілігі немесе адам көптеп жүрген кафеде артыңызда жүрген адамдарға қарап алаңдау секілді жағымсыз жайттар кездеседі. Кеңселер, кафелер немесе ашық ауадағы пейзаждар секілді кіріктірілген тұрақты және динамикалық виртуалды фондар сізге құпиялылықты сақтауға және ештеңеге алаңдамауға көмектеседі. Сондай-ақ сіз фон ретінде суретті қолдана аласыз немесе артыңызды болып жатқан көріністі бұрмалау үшін жасанды интеллект көмегімен фонды бұлыңғыр ете аласыз.
HUAWEI MateBook D 16 ноутбуктың жиектерінде орналасқан төрт микрофонмен жабдықталған, бұл құрылғыдан 5 метрге дейін алшақ орналасқан дыбыс көздерінің сигналын анықтауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллектінің шуылды басу алгоритмі сұхбаттасу кезіндегі фондық шуылды басуға көмектессе, дауысты жеке жақсарту сіздің назарыңыз сөйлеуші адамнан ауып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Құрылғының өнімділігі жоғары болғанымен, Huawei Shark fin Fan салқындату жүйесінің арқасында ноутбук қарқынды жұмыс істеген күннің өзінде қызып кетпейтін болады. Пайдаланушыларға стандартты режим мен өнімділік режимі арасында жылдам ажырап-қосылу мүмкіндігін бере отырып, HUAWEI Mate Book D 16 түрлі қажеттіліктерді өтеу үшін өзінің толық әлеуетін көрсетеді.

Super Device

HUAWEI Mate Book D 16 бірнеше құрылғымен жұмыс істеу үрдісін Super Device технологиясы арқасында жаңа деңгейге шығарып, бір уақытта бірнеше құрылғыны қолданғанда асқан өнімділікті қамтамасыз етеді.

Super Device технологиясы жақында орналасқан басқа Huawei құрылғыларына оңай қосылып, олармен өзара жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жай ғана Huawei құлаққабын, тышқанын, пернетақтасын, динамиктерін және принтерлерін HUAWEI MateBook D 16 жанына орналастырыңыз, ноутбук оларды бірден анықтап, жылдам әрі оңай қосылуға сұраныс жасайды.

HUAWEI MateBook D 16 үлкен экранын, оның салмағының жеңілдігін, жоғары өнімділігін, бейнеконференцбайланыстың интеллектуалды функцияларын және суперқұрылғыларға жіксіз қосылатынын көре отырып, бұл ноутбук гибридті кеңсе дәуіріндегі үздік өнімділік құрылғысы екенін түсінуге болады. Сонымен қатар ол қуаттылығы 65 Вт тең қалтаға сиып кететін зарядтау құрылғысымен және оңай қосылу үшін көптеген порттардың түрлерімен жабдықталған, сондықтан сіз қайда болсаңыз да байланыста бола аласыз.

Қазақстанда «ғарыштық сұр» түсті HUAWEI MateBook D 16 сатылымы 2022 ж. 28 тамызынан басталады. Сатып алғанда HUAWEI Watch GT 3 сыйлыққа беріледі. Ұсынылатын бөлшек сауда бағасы 599 990 теңгені құрайды.

При использовании материалов сайта в любых целях, ссылка на сайт uakytnews.kz обязательна не зависимо от полного либо частичного использования материалов.

Администрация сайта

Новое

Представитель Булата Назарбаева заявил, что он не имеет отношения к рынку «Алтын орда»

На днях на страницах СМИ Министр торговли и интеграции Арман Шаккалиев ответил на вопрос о статусе Булата Назарбаева в...