Время больших перемен!

15 C
Нур-Султан
16 C
Алматы
20.3 C
Шымкент

Huawei компаниясы ТМД елдері үшін HUAWEI Mate Xs 2 флагмандық смартфоны және басқа да жаңа өнімдерді таныстырды

Самое читаемое

Обсуждаемое

27 тамызда Қазақстанда алғаш рет ТМД елдеріне арналған Huawei жиналмалы HUAWEI Mate Xs 2 смартфоны және басқа да жаңа өнімдерінің тұсаукесері өтті.

Huawei Mobile Kazakhstan ресми YouTube арнасында іс-шараның тікелей онлайн трансляциясы ұйымдастырылып, тікелей эфирде көрермендер арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Жаңа өнімдерді шығарылымна орай Huawei компаниясы Алматыдағы Абай алаңында тегін музыкалық концертті де өткізді. Мерекелік шараға үш мыңнан астам азамат қатысып, қазақстандық танымал әртістер Yenlik, M’dee, The Limba, JCS тобының өнерін тамашалады.

HUAWEI Mate Xs 2: жиналмалы смартфон технологиясының инновациясы

HUAWEI Mate Xs 2 флагмандық жиналмалы смартфоны классикалық жиналмалы дизайны, жеңіл және жұқа корпусы, 7,8 дюймдік шынайы түсті жиналмалы дисплей бар. HUAWEI XD оптикасын қолдайтын сапасын жаңа деңгейге көтеретін 50 мегапиксельді камера жүйесімен суретке түсіреді. Сонымен қатар, камера HUAWEI XD Fusion Pro True-Chroma кескін өңдеу қозғалтқышымен, 10 арналы мультиспектрлік сенсормен және толық P3 түс гаммасындағы 2000-нан астам түсті калибрлеумен жабдықталған. Ол түстердің дәл шығуын қамтамасыз етеді және түсіру сапасын арттырады. Жаңашыл Falcon Wing қос бұрылатын топса технологиясының арқасында HUAWEI Mate Xs экранындағы бүгу қыртысы көрінбейді.

Жаңа өнім 28 тамыздан бастап барлық серіктес дүкендерде сатылымға шығады. HUAWEI Mate Xs 2 ұсынылатын бағасы 999 990 теңге бағасы. Сыйлық ретінде Bundle GT3 pro White Leather Strap беріледі.

Сонымен қатар, Huawei жаңа HUAWEI MateBook X Pro, HUAWEI MateBook D16 және HUAWEI MateBook 16s ноутбуктерін, жаңартылған HUAWEI MatePad Pro планшетін және HUAWEI FreeBuds Pro 2 құлақ қабын таныстырды.

Huawei Matebook X Pro: озық дизайн және жақсартылған өнімділік

HUAWEI MateBook X Pro, Huawei компаниясының жаңа жеңіл флагмандық ноутбугында қолмен ұстағанда жақсы сезілетін металл корпусы бар. Құрылғыда 14,2 дюймдік толық экранды HUAWEI Real Color дисплейі, TÜV Rheinland Eye Comfort 3.0 сертификаты және әмбебап түстерді көрсету технологиясын қолдау бар. Сонымен қатар, MateBook X Pro Super Turbo, Super Device және AI камерасы сияқты инновациялық мүмкіндіктер жиынтығымен келеді.

HUAWEI MateBook D16: жеңіл пакетте жоғары өнімділік

HUAWEI MateBook D16 — көзді қорғау технологиясы бар кең 16 дюймдік HUAWEI FullView дисплейі бар, өнімділігі жоғары жеңіл ноутбук. HUAWEI MateBook D16 қуатты 12-ші буын Intel® Core™ H-сериялы процессоры 40 Вт-қа дейінгі TDP, қос арналы жедел жады және көп тапсырманы тиімді орындайтын жоғары жылдамдықты SSD бар i7-12700H арқылы жұмыс істейді.

HUAWEI MatePad Pro: жарқын дисплей және HUAWEI SOUND® технологиясы

HUAWEI MatePad Pro 120 Гц жоғары жаңарту жиілігі бар 11 дюймдік HUAWEI FullView OLED дисплейімен ерекшеленеді. Жеңіл және жұқа, салмағы небәрі 449 г және қалыңдығы 5,9 мм. HUAWEI SOUND® технологиясымен жабдықталған. Stereo Vibe және Ultra-Bass технологияларын қолдау үшін жоғары жиілік пен бассты ажырататын 6 динамик дыбыс сапасын айтарлықтай жақсартады.

HUAWEI FreeBuds Pro 2: «Triple Adaptive EQ» технологиясымен шынайы дыбыс

Жақында Қазақстанда HUAWEI FreeBuds Pro 2 сатылымы басталады – екі драйвердің жұмысын интеллектуалды үйлестіретін, олардың мінсіз үйлесімділігі мен жоғары дыбыс сапасын қамтамасыз ететін «Ультра еститін True Sound Dual Driver» бірегей дыбыс жүйесімен жабдықталған құлаққаптар. Сонымен қатар, жалпақ диафрагманы қолданудың арқасында жоғары жиіліктер мен дыбыстық дыбыстар сияқты дыбыс бөлшектері айқынырақ шығарылады.

Қазақстандағы Huawei Device компаниясының бас директоры Сяо Лянг:

«Мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасының Конституциясы күні және жаңа оқу жылының қарсаңында біз жаңа өнімдеріміз HUAWEI Mate Xs 2 смартфонын және ТМД елдеріне арналған басқа да жаңа өнімдерді таныстырдық. Біз жаңа құрылғылардың әрбір қолданушынан таптырмас көмекші болатыны сөзсіз. Сондай-ақ, музыкалық сыйымыз Алматы тұрғындары мен қонақтарының жадында есте қалатынына сенімідіміз»

При использовании материалов сайта в любых целях, ссылка на сайт uakytnews.kz обязательна не зависимо от полного либо частичного использования материалов.

Администрация сайта

Новое

Представитель Булата Назарбаева заявил, что он не имеет отношения к рынку «Алтын орда»

На днях на страницах СМИ Министр торговли и интеграции Арман Шаккалиев ответил на вопрос о статусе Булата Назарбаева в...