Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Жоқ, мен бірден шкафтағы скелеттерімізді шығарайық демеймін, бірақ ешкімге ешқандай идеалды таңбасақ деймін

Танымал

Ел аузында

Жақында the steppe сайтында «Ташкентскийден төменгі жақта тұратын адамдардың өмірі» туралы материал шыққан. Мақаладағы төрт отбасының өмірі аяныш тудырады. Әрқайсының үйлеріндегі ең сұрықсыз дейтін көріністерін де беріпті. Былай қарасаң, соншалық назар аударатын дүние емес. Иә, Ташкентский көшесінен төмен тұратындардың барлығын мүсәпір етіп көрсеткені болмаса. Есіңізде ме былтыр пандемия басталғанда маска таққан қыздың билборды туралы әңгіме. Осы әлеуметтік желіде «бұдан әдемі қыз таппады ма, неге түрін жөндемеген» деген пікірлер көп айтылды. Медиа бізге «әдемі адам» моделін таңып берді. Телеарнаға көмек сұрап келген адамның өзін гримдеп, шыттай киіндіріп қояды. Сұхбат беретін эксперттердің өзі гламур ортаға келген адамдай. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін аяқ-қолынан айырылған мүгедектер көбейді. Туған-туысқандарына де керек болмаған соң ірі қалаларда қайыр сұраған «самауыр-адамдар» көбейді. Қаланың сұрқын бұзып. Бейбақтарды жинап Ваалам аралындағы интернат сияқты адам көзі түспейтін жерлерде өмірінің соңына дейін тығып ұстады. Кеңес одағында тек бақытты, әдемі адамдар өмір сүреді ғой. Кеңестік кезең өтсе де, сол идеология әлі өзгермеген сияқты көрінеді маған. Біздің медианың бір проблемасы идеал өмірді, идеал адамды тықпалауында. Неге кедейліктен, аурудан, табиғи келбетімізден ұялуымыз керек? Бейсаналы түрде «Идеал адам» моделіне ұмтыламыз. Бәріміз тек қоғам қабылдайтын жағымызды көрсетуге тырысамыз. Қазақстандық қоғамның көпшілігі күнін қалт-құлт кешуде. Бірақ каспи редпен азық-түлік алғаныңды айтпа. Отбасыңда ауру адам болса, үйде тығып ұста. Бізге тек жайраңдаған «бақытты отбасы» керек (тіпті байқау өткізеді ғой сондай). Біз әдемі, ақылды, озық ойлы, ибалы болуымыз керек. Нормаға сай келмей қалсаң, «кешірім сұратады». Жоқ, мен бірден шкафтағы скелеттерімізді шығарайық демеймін, бірақ ешкімге ешқандай идеалды таңбасақ деймін. Әсіресе, медиадағы әріптестер.

Bella Orynbetova

Фейсбуктегі парақшасынан

137Вы, Шолпан Рақымқызы, Mариям Абсаттар и ещё 134Комментарии: 22Поделились: 1

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...