Алматыда мас жүргізуші қағып кеткен полицейдің жағдайы ауыр

Танымал

Ел аузында

Жолда мас жүргізуші қағып кеткен алматылық полицей реанимацияда жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Департамен сонымен қатар қолға түскен жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты. Жүргізушіге бұлтартпау шарасын сот шешетін болады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кеткені жазылған болатын. Ол ауруханаға екі аяғының сынуы, ішкі мүшелерінің жарылуы және басының жабық жарақатымен түскен еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...