Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Ержан Еркінбаев мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Ержан Еркінбаев мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен Еркінбаев Ержан Мәлікұлы мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын, Халықаралық бизнес академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке компанияда заңгер лауазымынан бастаған. Жеке компанияларда жоба жетекшісі, заңгер болып жұмыс істеген.

  • 2009-2013 жылдары – «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының бас директоры.
  • 2013-2016 жылдары – «Медеу» спорт кешенінің бас директоры.
  • 2016-2019 жылдары – Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры.
  • 2019 жылғы қарашадан қазірге дейін «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...