Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді

Жиында Президент этносаралық қатынастар саласындағы жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Танымал

Ел аузында

Осыған байланысты бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін азаматтық қоғам институттарын жан-жақты қолдау қажет. Тиісті лауазымды тұлғалар олардың қызметін үйлестіруге тікелей жауапты болады.

Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдардың тағы бір басым міндеті ретінде әлеуметтік, қылмыстық, тұрмыстық жанжалдардың алдын алуды атады. Президенттің пайымдауынша, этникалық астамшылықтың  барлық көрінісі, қандай да бір кемсітушілікке, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермей, ішкі тұрақтылықты заңға сәйкес қамтамасыз етуі керек.

– Біздің бірлігімізге зиян келтіруді көздейтін сырттағы және ішкі теріс пиғылды адамдардың, түрлі авантюристердің, жауапсыз әрі қабілетсіз саясаткерлер мен сарапшылардың жетегінде кетпеу маңызды. «Ит үреді, керуен көшеді» деген сөз бар. Біртұтас қоғам ретінде біздің ұстанымымыздың дұрыс екеніне сенімдіміз. Алайда бұл әрекет етпей отыр дегенді білдірмейді. Біздің қоғамға және мемлекетімізге қарсы арандатушылықтың барлық түріне құқықтық әрі ақпараттық құралдар арқылы тойтарыс беру керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Декекөзakorda.kz

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың дамуына және олардың өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін түрлі диалогтық...