Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Пенжім ауылы туралы не белгілі?

27 қазанда Алматы облысындағы Пенжім ауылының мектеп территориясында жаппай төбелес шығып, 16 жастағы бала ауруханаға түсті.

Танымал

Ел аузында

Осы жайттан кейін ауылда тәртіпсіздіктер орнап, бір топ адам бірқатар жекеменшік үй терезелерін, сондай-ақ бірнеше көлікті сындырғаны хабарланды. Tengrinews.kz тілшісі қазір қызу талқыланып жатқан өңір туралы, оның атауы мен халқы жайлы баяндайды.

Пенжім ауылы Алматы облысы Панфилов ауданында, Жаркент қаласынан шығысқа қарай 18 шақырым жерде  орналасқан, ол – Пенжім ауылдық округі орталығы. Ауыл арқылы республикалық дәрежедегі Жаркент-Қорғас автомобиль магистралі өтеді. 

Уикипедия ашық энциклопедиясындағы ақпаратқа сәйкес, ауыл 1950-1997 жылдары Калинин атындағы жүгері өсіретін ұжымшардың орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Пенжімде және округтегі Ават, Төменгі Пенжім, Қорғас ауылдарында ӨК, ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы құрылған. 

Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Пенжім атауы бұрыннан бар, ол ұйғыр тілінен «бас ауыл» деген мағынаны білдіреді. Ауылдық округте 12 500-ге жуық тұрғын өмір сүреді

«Олардың ішінде 7 000-нан аса қазақ, 5 000-ға жуық ұйғыр ұлты тұрады. Олар негізінен жүгері, көкеніс өсірумен айналысады. Ал Пенжім ауылының өзінде 5 308 адам тұрады», – деді Панфилов ауданы баспасөз қызметіндегілер.

Әкімдік ұсынған статистикаға сәйкес, халықтың 22 пайызы, яғни 1014 адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. 611 адам шаруа қожалықтарында қызмет етеді. 48 адамның шағын және орта бизнесі бар. 

Халықтың 5,8 пайызы немесе 271 адам білім беру саласында жұмыс істейді. Ал денсаулық сақтау жүйесінде 44 адам. Ауылда 595 зейнеткер бар, бұл халықтың 12,9 пайызы. 172 адам жұмыссыз. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...