Атырау облысында атыс болған ауылда күшейтілген режим енгізілді

Танымал

Ел аузында

30 қазанда сағат 19.30-да Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы маңындағы Атырау-Ақтөбе тасжолында ауылдастар арасында атыс болып, алты ер адам жарақат алды, оның бесеуіне оқ тиген.

Атыс болған Атырау облысының Сағыз ауылында күшейтілген режим енгізілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнына барды. Жағдай тұрақты. Тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып, Сағыз ауылын тәулік бойы күзетіп жүр», – деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев оқиға орнына облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы барғанын хабарлады.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша тергеу жүріп жатыр», – деді ол.

Еске салайық, 30 қазанда сағат 19.30-да Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы маңындағы Атырау-Ақтөбе тасжолында ауылдастар арасында атыс болып, алты ер адам жарақат алды, оның бесеуіне оқ тиген. 1985 жылғы ер адам Сағыз ауылындағы амбулаториялық ауруханада қайтыс болды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

B2B Way Club запускает онлайн и офлайн-встречи между казахстанским бизнесом и международными производителями

В рамках подготовки к международной выставке HomeTech & Electra 2026 проект B2B Way Clubразвивает несколько направлений работы, которые помогают казахстанскому бизнесу заранее...