Алматы қалалық жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірде-бір нормативтік құқықтық актісі жедел жәрдем қызметкерлерін бахила киюге міндеттемеген.
Бахиланы киіп және шешу – бұл төтенше жағдайда қымбат саналатын уақытты бөгейтіні аталып өтілген.
Бұдан бөлек, бахила киген дәрігердің тайып құлап, жарақат алу қаупі де баса айтылған.
Сол себепті, гигиенаға қатты алаңдайтын үй иелеріне жәрдем шақырған кезде кілемдерді алып, еденді қағазбен жауып қоюға кеңес береді.
Жедел жәрдем қызметі сондай-ақ медициналық қызметкердің кәсіби қызметіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.