Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Жоғарғы сотқа жаңа судья сайланды

Танымал

Ел аузында

Сенаторлар президенттің ұсынысымен Жоғарғы сот судьясын сайлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңа кандидатураны парламенттегі президент өкілдігінің басшысы Бейбіт Исабаев таныстырды.

«Мемлекет басшысы сіздердің қарауыңызға Жоғарғы сот судьясы қызметіне Берік Төлеутайұлы Нәжімиденовті сайлау туралы ұсыным енгізді. Берік Төлеутайұлы қаржылық бақылау мен мемлекеттік аудит саласында тәжірибесі мол маман, соңғы бес жыл қаржы министрлігінде жемісті қызмет етті. Қазіргі уақытта қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік бақылау комитетін басқарады. Жоғары экономикалық және заңгерлік білімі бар. Экономика-бизнес магистрі», – деді Исабаев.

Президент өкілінің айтуынша, Берік Нәжімиденов экономикалық-қаржы дауларын қарау бойынша Жоғарғы сотпен тығыз жұмыс істеп келген. Сондықтан судья қызметін атқаруға дайын. Жоғарғы сот кеңесі оның кандидатурасын қолдады.

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар Берік Нәжімиденовті Жоғарғы сот судьясы қызметіне тағайындау туралы қаулыны бірауыздан қабылдады. Ал жаңадан сайланған судья сенаторлардың алдында ант берді.

Берік Төлеутайұлы 1979 жылы дүниеге келген. Заңгерлік білімі бар. Еңбек жолын 2002 жылы қаржы министрлігі қаржылық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы – жетекші бақылаушы-ревизоры қызметінен бастаған.

2012 жылға дейін бас маман – бас бақылаушы-ревизоры, № 5 бақылау бөлімінің бастығы, № 3 бақылау бөлімінің бастығы, қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары болды.

2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитеті бақылау іс-шараларын талдау, жоспарлау, есептілік басқармасының басшысы;

2014 жылы қаржы министрлігі қаржылық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бастығы болып тағайындалды.

2016 жылы – қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары;

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...