Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-1 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Биылғы жылдың 9 айында алматылық медицина ұйымдары 1,3 млрд теңгенің қызметін кемшіліктермен көрсеткен

Алматы тұрғындарына биылғы жылдың тоғыз айында көрсетілген медициналық көмек сапасын бақылау барысында 50 мыңнан астам қызметтің түрлі кемшіліктермен көрсетілгені анықталды. Нәтижесінде қаладағы емдеу мекемелеріне 1,3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы хабарлады.

Танымал

Ел аузында

Медициналық қызмет сапасын бақылау бөлімі жетекшісі Әсем Манапбаеваның айтуынша, кемшіліктің басым бөлігіне консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін клиникалар тарапынан жол берілген. Жалпы, консультативтік-диагностикалық көмек бойынша 45 мыңнан астам қызмет кемшіліктермен көрсетілген. Нәтижесінде 80 млн теңге қайтарып алынды.

Ақаумен көрсетілген 5,8 мың қызмет – стационарлар мен стационарды алмастыратын көмек ұйымдарына тиесілі. Аталған кемшіліктер үшін стационарлар мен стационарды алмастыратын мекемелер 1,2 млрд теңгеден астам айыппұл төледі.

Ал, кемшіліктерге жол берген емханалар Қорға 60 млн теңге қайтарды.

«Мониторинг барысында анықталған кемшіліктердің дені емдеу-диагностика барысында белгіленген стандарттардан ауытқу, медициналық құжаттарды дұрыс толтырмау, қызмет бағасын негізсіз өсіру сынды олқылықтарға келіп саяды», – деді Әсем Манапбаева.

МСҚ көрсетілген қызмет сапасына тұрақты бақылау жүргізіп отырады. Көрсетілген қызмет ақысы тыңғылықты тексеруден кейін төленеді.

Бұған дейін хабарланғандай, қайтарып алынған қаражат медициналық көмектің өзге түрлеріне жұмсалады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошла акция «Наркостоп»

В Алматы прошла масштабная акция "Наркостоп", направленная на борьбу с незаконной рекламой наркотиков на фасадах городских зданий. Мероприятие прошло...