Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Елімізде құрылыс материалдарының бағасы аспандап барады

Елімізде күннен күнге құрылыс материалдарының бағасы аспандап барады.

Танымал

Ел аузында

Көктемде арматура, бетон, жылыту жабындылары бір күнде 30 пайызға қымбаттаса, ал енді бір жыл бұрын 4500-5000 теңгеден саудаланған жалпақ темір беттің бағасы 12 мың теңгеге бір-ақ жетті. Бұл қымбатшылық тұрғын үй бағасының да өсуіне тікелей есер етті. Сөйтіп қазір пәтер құны 20-30 пайызға көтерілді. Ал сала мамандары тұрғын үйлер келесі жылы да қымбаттай береді дейді. Себебі Қазақстанда ішкі қажеттілікті өтейтін құрылыс материалдары жоқ екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Елдің құрылыс маусымы аяқталған сәтте баға түседі деген үміті ақталмайтын секілді. Себебі базарлардағы құрылыс материалдарының құны сол қалпында тұр. Тіпті кейбірінің бағасы тағы өсіпті. Мәселен, небәрі бес ай бұрын 9 мыңнан саудаланған жалпақ темірбеттер 12 мыңға жеткен. Ал бұл материал былтыр 4500 теңгеден еді. Содан болар, базарда сауда жасап жүрген тұрғындардың да қарасы аз. Ал саудагерлер жалға алған орнымызды ақтап, азыққа ақша тапсақ та жеткілікті деп отыр. 

Саудагер Темірәлі Серкебаев арматура, жалпақ темір беттерді көбіне Қарағанды, Шымкент қалаларынан және Ресейден әкелеміз деді. Айтуынша, көрші елден жеткізілетіндері отандық өнімнен кемінде 500 теңгеге қымбат болады екен. Есесіне, сапалы әрі, сұраныс та бар дейді.

Ал құрылыс одағының төрағасы Ералы Сауранбаев материал бағасы ішкі қажеттілікті өтей алмағандықтан өсті дейді. Айтуынша, қазір Қазақстанда пәтер алуға ниетті азаматтар көп. Бірақ тұрғын үй жетіспейді. Ал оны соғу үшін құрылыс материалдары қажет. Сондықтан, құрылыс компаниялары қажетті материалды шет елдерден тасуға мәжбүр. Мысал үшін бір жыл бұрын арматураның тоннасы 180 мың болса, қазір 450 мың теңге. Ал бетонның текшесі 17 мыңнан 25 мыңға жетіпті. Тиісінше, бұл пәтер құнының өсуіне тікелей әсерін тигізіп жатыр екен.

“Қымбат пәтерлердің бағасы 20 пайызға өсті. Ал былай қымбат емес пәтерлер 30 немесе 40 пайызға өсті”, – дейді Қазақстан құрылыс саласы одағының төрағасы Ералы Сауранбаев. 

Ералы Болатұлы бүгінде құрылысқа қаржыландыру жетіспей жатыр деді. Айтуынша, Үкімет биылдан бастап соғылып жатқан тұрғын үйлерге ипотека рәсімдеуді шектеген. Ал құрылыс компанияларының жеке капиталы аз. Бірақ олар енді қосымша құрылыс жүргізетін жерді өздері тауып, инженерлік инфрақұрылымды тартуы қажет. Сол үшін де пәтер құны алдағы уақыттада қымбаттай береді дейді одақ төрағасы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...