Депутаттар журналистерден неге қашты?

Кеше Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан соң бір топ депутат залдан шыға берістегі буфетке кіріп кетіп, есікті құлыптап алған, деп хабарлайды uakytnews.kz.

0
707

«Азаттық радиосының» ақпаратына сәйкес, әдетте ашық тұратын буфет сол күні жабылып, ішке ешкім кіре алмаған. Депутаттарға сұрақ қойғысы келген журналистер оларды сыртта күтеді. Бір сағаттан соң «тығылып» қалған депутаттар артқы есіктен қашып шығып кеткен. Тіпті, кейбірі бетін қағазбен жауып алған. Ал депутаттардың мұндай іс-әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Дегенмен бейнежазбаға қарасақ, депутаттар журналистерден қашқан секілді.

Бірақ журналистерден қашатындай не басына күн туды, депутаттардың? Не десек те, депутаттар «халық пен билікті байланыстырушы алтын көпір – БАҚ» екенін ұмытқандай…