Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Қытайдағы ұшақ апаты: Қаза болғандардың мәйіттерінің қалдықтары табылды

Танымал

Ел аузында

Қытайдағы Boeing 737 апатының орнында қаза тапқандардың мәйіттерінің қалдықтары табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін мамандар бортта болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің құжаттарын, сондай-ақ апатқа ұшыраған ұшақтан қара жәшіктің (тіркеу жүйесінің құрылғысы, негізінен авиацияда ұшудың негізгі параметрлерін, ұшу аппараттарының жұмыс істеуінің ішкі көрсеткіштерін, экипаж келіссөздерін және т. б. жазу үшін қолданылады –авт.) бірін тапты. Оны Бейжіңге тексеріске жіберді.

Билік әуе кемесінің қатты зақымдануына байланысты қайғылы жағдайдың себептерін анықтау қиынға соғатынын хабарлады.

Еске салсақ, China Eastern авиакомпаниясының Boeing 21 наурызда ҚХР оңтүстігінде апатқа ұшырады. Лайнер радардан жоғалып, кейінірек оның сынықтары таудан табылды. Бұл соңғы 12 жылдағы Қытайдағы ең үлкен апат болып отыр. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...