Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты мемлекет атанды

Қазақстиан әлемдік бақытты мемлекеттер арасында 40-орынға тұрақтады.

Танымал

Ел аузында

Осылайша еліміз 5 сатыға жоғарылап, ТМД елдерінің барлығын басып озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі World Happiness Report сайтына сілтеме жасап. 

Рейтинг 2019-2021 жылдар аралығында жүргізілген сауалнама нәтижесін көрсетеді. Сауалнамаға әлем бойынша 9 миллион адам қатысқан. 

Бесінші жыл қатарынан Финляндия ең бақытты мемлекет атанды. Алғашқы ондыққа Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль мен Жаңа Зеландия енді. 

АҚШ 16-орынға тұрақтаса, 17-орында Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірлігі мен Сауд Арабиясы 24 және 25-орындарды иеленді. 

Қазақстан тізімде 5 сатыға көтеріліп, 40-орынға тұрақтады. Осылайша еліміз ТМД елдерінің барлығын басып озды. Өзбекстан 53-орынға, Молдова Республикасы 62-орынға, Қырғызстан 64-орынға, Беларусь 65-орынға, Ресей 80-орынға, Армения 82-орын, Тәжікстан 83 және Әзірбайжан 92-орынға тұрақтады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Мұндай жағдай өмірімде бірінші рет болып тұр». Астанада жасөспірімді құтқарып қалған куәгер оқиға қалай болғанын айтты

27 қарашада Ақбұлақ өзенінде 2006 жылы туған жасөспірім мұз астына түсіп кеткен. Ал оқиға куәгері дер кезінде 17 жастағы...