Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Коронавирустың қауіпті штамы пайда болуы мүмкін – Ғалымдар

Танымал

Ел аузында

Ұлыбритания мен Италия ғалымдары коронавирустың омикронға қарағанда ауыр және жұқпалы штаммының пайда болу ықтималдығын бағалады. Зерттеу Nature Reviews Microbiology журналында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мамандар омикронды алмастыратын SARS-CoV-2 жаңа жұқпалы штаммы иммунитеттің қорғанысын бұзып өтіп, өмірге қауіпті симптомдарды тудыруы мүмкін екенін атап өтті.

«Антигендік эволюция иммунитеттен бұлтарып, ауыр симптомдарды тудыратын коронавирустың жаңа нұсқаларының пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін», – делінген зерттеуде.

Ғылыми жұмыста вирус эволюциясы жұққыштықтың жоғарылауымен және иммундық жауаптан айналып өту мүмкіндігімен анықталатыны айтылған. Аурудың ауырлығы, керісінше, эволюцияның жанама нәтижесі ғана.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түн тыныштығын бұзып, трассада ойқастаған 10-ға тарта жүргізушіні сақшылар жауапқа тартты

Түркістан облысы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасын бақылап отырған полицейлердің назарына түнгі сағат 03:00 шамасында жүргізушілер тарапынан орын алған...