Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Каспий мұнай құбырындағы апаттан кейін қысқарған мұнай көлемі Қазақстан бюджетіне қанша шығын әкеледі – Министр жауап берді

Танымал

Ел аузында

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесіндегі апатқа байланысты мұнай экспортының қысқарып қалуы бюджет кірісіне әсер етпейді. Бұлай деп Atameken Business телеарнасына энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрі бюджеттегі болмашы шығынға қатысты мұнай бағасының қымбаттап кетуін негізгі дәлел ретінде алған.

«Бүгінде мұнай бағасы өсіп кетті, тіпті өте қымбаттап кетті, қазіргі таңда бір баррелі 120 доллардан асады. Бұл биылғы жылы орташа есеппен 60 долларды жоспарлағанының өзінде солай болып тұр. Сол себепті бюджетке түсетін қандай да бір түсім тұрғысынан мен ешқандай қауіп көріп тұрған жоқпын», – деді Ақшолақов.

Энергетика министрінің пікірімен мұнай кәсіпшілігі сервистік компаниялар одағының директоры Нұрлан Жұмағұлов та келіседі. Ол «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында КҚК қызметін тоқтата тұруға байланысты республика бюджеті жарты триллион теңге шығынға ұшырайтынын айтқан (2 айлық үзіліспен есептегенде).

Айта кетейік, аталған консорциум қолайсыз ауа-райының әсерінен теңіздегі тіреу қондырғыларының анықталған және ықтимал зақымдалуына байланысты терминалға мұнай құюды тоқтатқан болатын.

Министр сондай-ақ КҚК басшысының сөзіне сілтеме жасап, қазір теңізде жатқан қашықтан байлау құрылғыларын зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын және бүгін дауыл сүңгуірлерге келтірілген шығынды анықтауға мүмкіндік бермей отырғанын жеткізген.

«Бүгін-ертең мардымды жауап аламыз деп үміттенеміз», – деп қосты Ақшолақов.

КҚК – 20 жылдан астам бұрын ұзындығы 1.5 мың км-ден астам магистральдық құбырды салу және пайдалану үшін құрылған Қазақстан, Ресей және әлемдік жетекші өндіруші компаниялардың қатысуымен мұнайды тасымалдаудың ірі халықаралық жобасы. Шикізат жүйеге негізінен Батыс Қазақстанның ірі кен орындарынан, сондай-ақ ресейлік өндірушілерден түседі, осыдан кейін Новороссийск маңындағы портқа ауыстырылады. Қазақстандық жүк жөнелтушілердің үлесіне тасымалдау көлемінің 80%-ға жуығы қарайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...