Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Мусиннің құны 500 миллион долларлық жобасы Сбербанкке бұйырмады

Танымал

Ел аузында

Министрлік «әлемде болып жатқан жағдайға байланысты өз жоспарларын өзгертуге» мәжбүр болған.

Журналистер жолдаған хатқа жауап берген цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрлігі ресейлік Сбербанкпен жасалуы тиіс болған Қазақстанды цифрландыру туралы келісімге қол қою мәселесі ведомствода қаралмайтынын жазған.

2021 жылғы жоспар бойынша цифрландыру туралы жоспарға 2022 жылдың бірінші кварталында қол қойылуы керек болған. Алайда министрлік «әлемде болып жатқан жағдайға байланысты өз жоспарларын өзгертуге» мәжбүр болған. Цифрландыруға қатысты бірнеше жоспар қаралып жатқанын жазғанымен, ол қандай жоспарлар екендігін және осы салада қандай компания Қазақстан серіктесі болуы мүмкін екенін ашып жазбаған.

Айта кетейік, былтыр 3 қыркүйекте Қазақстан үкіметі ресейлік Сбермен электронды үкіметті және басқа да цифрлық саланы дамытуға қатысты келісімге қол қойған. Бұл меморандумды екі ел президенттері де жоғары бағалап, мақұлдаған. Алайда қазақстандық IT-мамандар бұл меморандумға қарсы пікір білдіріп, оның алдын ала талқылануы керек болғанын және таңдалған серіктеске көңілдері толмайтынын ашық айтқан. Олар Сбер қазақстандықтардың жеке деректерін қорғай алады дегенге күмән келтіріп, Ұлттық қауіпсіздікке қатер төнетіні туралы ескертіп, жобаны батыстық немесе қазақстандық компаниялардың біріне беруді ұсынған.

Осы талқылаулардан кейін цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин Сбердің Қазақстанға тек кодтарды ұсынатынын, деректер ел аумағында жиналып, оны ресейлік мамандар ала алмайтынын айтқан.

Жоспар бойынша платформаны құру 2022 жылдан басталуы керек еді. Жоба құны 500 миллион доллар болған.

24 ақпанда Ресей әскері Украина территориясына басып кіргеннен кейін әлемнің көптеген елдері ресейлік ірі компанияларға санкция сала бастады. Олардың қатарында Сбербанк те бар. Сбер қазір Қазақстанда жұмыс істеп тұрғанымен Еуропа елдеріндегі жұмысы толық тоқтап қалған.

malim.kz 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...