Украина мен Ресей келіссөздерінің келесі кезеңі Түркияда өтеді

Украина мен Ресей Түркияда үш күндік келіссөздер раундын өткізуге келісті. Ол 28-30 наурызда өтеді.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы украин делегацияның мүшесі, Украина Жоғарғы Радасындағы «Слуга народа» фракциясының жетекшісі Давид Арахамия айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі УНИАН-ға сілтеме жасап.

Арахамияның айтуынша, шешім 27 наурызда қабылданған. Барлық мәлімет кейінірек хабарланады.

«Видео түрінде өткен кезекті келіссөздер кезінде келесі раундты бетпе-бет 28-30 наурызда Түркияда өткізу туралы шешім қабылдадық», – деп жазды Арахамия Facebook-парақшасында.

Ресей Федерациясынан келген келіссөздер тобының жетекшісі Владимир Мединский жаңа раунд 29-30 наурызда өтетінін растады.

14 наурызда Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздердің төртінші раунды өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Каждый вызов — важен: в Алматинской области усиливается служба скорой медицинской помощи

В Алматинской области активно ведётся работа по модернизации службы скорой медицинской помощи. Сегодня в регионе круглосуточно работают 147 бригад...