Батыстың Ресейге қарсы санкциялары өз күшіне ене бастады. Енді ресейлік банктер ресми түрде халықаралық SWIFT жүйесінен ажыратылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шешім 26 наурыздан бастап өз күшіне енді. SWIFT – қаржылық ұйымдарға операциялар жөнінде ақпараттарды қауіпсіз түрде жіберуге және алуға мүмкіндік беретін жүйе.
26 ақпанда Ақ үй АҚШ, Канада және Еуропа елдері ресейлік банктерді SWIFT жүйесінен шығаратынын мәлімдеген. Енді ВТБ Банк пен Сбербанк секілді Ресейдің ірі қаржы мекемелері SWIFT арқылы төлем жасай алмайды.
Айта кетейік, бұған Германия санкциялардың Еуропа елдері үшін де қауіпті екенін мәлімдеген еді. Себебі Ресейге қарсы санкциялар салдарынан Германия экономикасы құлдырауы мүмкін.