Қапшағайдағы ойын зонасы көшіріле ме: Мәдениет министрлігі жауап берді

Танымал

Ел аузында

Қапшағайдағы ойын зонасын басқа өңірге көшіру жоспарда бар ма? Мәдениет және спорт министрлігі әзірге бұл сұрақты қарастырмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды. Жетісу облысының орталығы – Талдықорған болса, Алматы облысының орталығы – Қапшағай болмақ. 

Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, казино, ойын автоматтары залы, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды орналастыру аймағын әкімдіктер мәдениет және спорт министрлігімен келісе отырып анықтайды. 

«Қазіргі уақытта Алматы облысындағы ойын зонасының орналасу жерін ауыстыру мәселесі үкіметтің күн тәртібінде тұрған жоқ», – деп хабарланды министрліктен. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық жиын өтті. Департамент бастығының...