Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Өзге елдегі соғыс қимылдарына қатысқандар 10 жылға сотталады

Танымал

Ел аузында

Бас прокуратура арнайы мәлімдеме жасады.

Бас прокуратура Қазақстан азаматы басқа мемлекеттердің аумағында соғыс қимылдарына қатысқаны үшін жауапкершілік тартылуы яғни, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан азаматының шет мемлекет аумағындағы соғыс қимылдарына қасақана құқыққа қайшы қатысуы, сол сияқты ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, Қазақстанның тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуға жария түрде шақыру қылмыстық жазаланатын әрекеттер болып табылатынын (ҚК-нің 172, 174, 180-баптары) және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соқтыратынын түсіндіреміз.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, елеулі зиян келтіру қаупін туғызатын көрінеу жалған ақпарат таратқан үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеміз,- делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...