Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Министрлік олимпиададан сыйақы алу шарттарын жариялады

Білім және ғылым министрлігі халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ олардың мұғалімдерін ынталандыруға қатысты құжат әзірледі.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы министрліктің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгінде нормативтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгізіліп жатыр. Нақты талаптар мен олимпиадалар тізімі болады. Сондай-ақ шығармашылық пен спорт жарыстарының жүлдегерлері жоғары оқу орнына конкурссыз түсе алады», – деді Кәрімова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, оқушының соңғы үш жылдағы жетістіктері ескеріледі. Бірақ олимпиаданың бағыты мен таңдаған мамандығына сай болуға тиіс. Ынталандыру шараларының ішінде біржолғы сыйақы да қарастырылған.

Оқушыларға:

  • олимпиаданың алтын медалі үшін – 1500 АЕК (4 594 500 теңге);
  • күміс медаль – 1000 АЕК (3 063 000 теңге);
  • қола медаль – 500 АЕК (1 531 500 теңге).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған педагогтерге:

  • алтын медаль – 150 АЕК (459 450 теңге);
  • күміс медаль – 100 АЕК (306 300 теңге);
  • қола медаль – 50 (153 150 теңге).

«Қазіргі кезде тиісті құжат парламент сенатында қаралып жатыр. Осы норма бекітілгеннен кейін іске асырылатын болады», – деп атап көрсетті Кәрімова.

Айта кетсек, 2020-2021 оқу жылында қазақстандық 26 оқушы жеті беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Бір жыл бұрын олардың саны 16 адам болған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...