Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Ресей мен Беларуське экспорттауға және импорттауға болмайтын тауар тізімі шықты

Танымал

Ел аузында

ҚР премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов реэкспорт қаупіне байланысты санкция салған елдердің «ерекше назарына» түсіп қалмау үшін Ресей мен Беларуське экспорттауға және импорттауға болмайтын тауар тізімі жинақталған сайт ашылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұлтанов Ресей мен Беларуське бірқатар елдің санкция енгізуінен кейін кәсіпкерлер көптеген сұраққа тап болағанын айтты. 

«Біз бүкіл әлеммен еркін сауда жасаймыз, ал бірыңғай кедендік аймақ жағдайында тауарлар ағыны барынша жеңілдетілген. Сондай-ақ, Қазақстан арқылы Ресей мен Беларусь елдеріне бағытталған тауарлар көптеп келеді. Ендігі міндетіміз – реэкспорт қаупіне байланысты санкция салған елдердің «ерекше назарына» түсіп қалмау», – деді ол.

Сондықтан кәсіпкерлерге ыңғайлы болуы үшін премьер-министрдің төрағалығымен жедел штаб бизнеске арналған «нұсқаулық» жасау туралы шешім шығарған. Мемлекеттік органдардың ресми сайттарынан бір сайтқа Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасына экспорттауға және импорттауға тыйым салынған тауарлардың толық тізімі жиналды. Сайтта жаңа деректердің пайда болуына қарай  ақпарат жаңарып отырады.

Сонымен қатар сайтта елдердегі геосаяси тәуекелдердің жоғары екенін ескере отырып, нарығынан кетуге шешім қабылдаған халықаралық компаниялардың тізімі жарияланған.

«Бұл компанияларды Қазақстанға тарту туралы мәселеге келсек, Қазақстанда бизнес ашу және жүргізу үшін жағдайлар посткеңестік кеңістіктегі ең қолайлылардың бірі болып табылады. Бұл өз кезегінде нақты секторда инвестициялардың өсуіне және жаңа өндірістердің ашылуына ықпал етеді. Ал бұл Мемлекет басшысының үкімет алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі. Сондықтан Қазақстанда өз өндірісін ашқысы келетін кез келген компания инвесторлар үшін қолжетімді жеңілдіктердің толық спектрін пайдалана алады», – деді Сұлтанов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...