Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Қазақстанға жұмысқа орналасуға жыл басынан бері 6350 ресейлік келген

Танымал

Ел аузында

Бүгінде елімізде барлығы 101 мыңнан астам ресейлік бар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов министрлік Украинамен соғыс жағдайында Ресейден еңбек нарығына жұмысшылардың келуі мүмкін жағдайды қадағалап отырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Вице-министрдің айтуынша, әзірге алаңдауға негіз жоқ. Жыл басынан бері Қазақстанға жұмысқа орналасу мақсатында 6350 ресейлік келген. Салыстыру үшін айта кетейік, өткен жылы Ресейден 18,8 мың адам келіпті. Елімізде барлығы 101 мыңнан астам ресейлік бар.

«Жұмыс орындарын жоғалтып аламыз ба деген қорқыныш бар. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жағдайдың оң жақтары да барын ескерген дұрыс. Бізге жоғары білікті мамандар, ірі компаниялар көбірек келеді. Бұл білім мен қабілет импорты. Ондай компаниялар бізге келсе, қазақстандықтармен білімдерін бөлісіп, осы жерден кәсіпорындар ашады. Бұл қосымша жұмыс орындары мен бюджетке түсетін салықтар артады дегенді білдіреді, – деді Біржанов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...