Орталық сайлау комиссиясының жаңа хатшысы сайланды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясында жаңа хатшы сайланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұрлан Әбдіров ОСК отырысын өткізді. Онда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 11-бабы 2-тармағына сәйкес Мұхтар Ерман Орталық сайлау комиссиясының хатшысы болып сайланды», – делінген хабарламада.

Мұхтар Ерман 30 наурызда Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы қызметін атқарған Анастасия Щегорцова ОСК мүшесі ретінде жұмысын жалғастырады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бұл — қазақ спорты үшін үлкен үміт күттіретін жас талантқа көрсетілген зор қолдау мен сенімнің белгісі. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында...