Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Қант тапшылығы: Енді өнімнің 80 пайызы елде шығарылатын болады

Танымал

Ел аузында

Ауыл шаруашылығы министрі қазақстандықтар қантсыз қалмайды деп сендірді. Импортқа тәуелділіктен арылу үшін Үкімет алдағы уақытта қанттың 80 пайызын өз елімізде өндіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды “КТК” арнасы. 

Мемлекет осы салада еңбек етіп жүргендерге қолдау көрсетуге дайын. Өйткені қордаланған мәселе көп. Мұны диқан да көп көре бермейтін министрге айтып қалуға тырысты.

Елде қант қызылшасының алқабы қазір 20 мың гектардан асса, соның 16 мың гектары Алматы облысының иелігінде. Тұқым мен тыңайтқышы толық жетісулық шаруалар соқа-саймандарын сайлап, техникаларын майлап, көктемгі егін егу науқанына тас-түйін дайын отыр. Жер ылғалды болса, диқандар екі аптадан кейін дала жұмысын бастап кетпек. Шаруалар ауа райы қолайлы болып күтімі мен бабы келіссе, былтырғыдан да мол өнім алуға үмітті. Өйткені өткен жылы тәтті түбір егетіндердің дені қуаңшылықтан ың қып-қызыл шығынға батқан. Шикізаттың тапшылығы өндірістің де қарқынын бәсеңдетті. Осы кедергілердің тасасында қант бағасы шарықтап тапшылық қылаң берді. Дүрбелең туды. Сондықтан ауыл шаруашылыҒы министрі Ербол Қарашөкеев қант өндірісінің қауқарын көру үшін қызылшаның отаны Жетісу өңіріне арнайы ат басын бұрды. Көксу қант зауытына елордалық шенеуніктермен қатар шаруалар да алып ұшып жетті. Олар оңтайлы сәтті пайдаланып қордаланған мәселелерін айтып қалуға тырысты.

“Қызылшаның бағасын 27 теңгеге көтерді. 30дан жоғары көтермесе ешқандай пайда бермейді. Ешкім екпейді. Қызылшаның өнімі тәтті болғанымен, жұмысы ашты. Қыпқызыл шығын. Тыңайтқыш, гербицид үш есе қымбаттап кетті. Қанттың келісі қазір 500 теңге. Үкіметке рақмет, субсидияны көтеріп отыр ғой. Ал зауыт 13 теңгеден артық көбейтпейді”, – дейді шаруа қожалығының басшысы Абай Төлебаев.

Ала жаздай тыным таппай тонналап жинаған өнімді зауыт өте арзан бағамен қабылдаса, төккен теріміз текке кетеді дейді шаруалар. Диқандарды тұқыртқан түйіткіл көп: су тапшы, жанармай қымбат, техника тозған. Су ағатын арықтардың тазаланбауы да жығылғанға жұдырық болыпты.

“Біздің Қаратал ауданындағы каналдар мүлдем тазаланбайды. 1520 жылда тазаланбаған каналдар бар. Мысалы, біз арық қазамыз, әйтпесе су жүрмейді. Сондықтан каналдарды тазалап берсе”, – дейді шаруа қожалығының басшысы Жұмаш Тезекбаев.

Ербол Қарашөкеев шаруалардың базынасын бір сағат бойы тапжылмай тұрып тыңдады. Министр облыс атқамінерлеріне бірқатар тапсырма жүктеп, қант қызылшасымен айналысатын шаруашылықтарға қолдау көрсетуді тоқтатпаймыз деп сендірді. Ведомство басшысы импорттық тәуелділіктен арылып, жалпы өнім көлемін еке есеге ұлғайту жоспарда бар екенін тілге тиек етті. Шенеунік қазақстандықтарды қымбат бағаға қап-қап құмшекер алып жанталаспауға шақырды. Қолдан жасалған дүрбелеңнен баға қымбаттайды дейді министр.

“Былтыр біз 42 пайыз өз өнімізді өндірдік, қанттың 58 пайызын импортпен басқа шетелден алып келдік. 2025 жылға дейін ішкі нарығымызды 80 пайызға дейін қамту керекпіз. Мақсат анық жұмыс істейміз. Қазіргі таңда үш айлық қорымыз бар. Соған қарамастан құрғақ шикі қантты алып келіп өндіретін боламыз. Қамыс қантын әкеліп өндіретін боламыз. Иә, ахуал қиын. Ол әлем бойынша қиын. Қантты 800 теңгеден сатып алудың қажеті жоқ. Қант бар”, –дейді ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Күні кеше сауда және интеграция министрлігі шекерді шекара асыруға алты айға шектеу енгізу жөнінде құжат әзірлеген. Қоғамның талқысына ұсынылған бұйрық тәтті өнімнің тапшылығына жол бермеу үшін жасалған. Оған қоса Көксу зауыты былтырдан бері қамыстан қант шығаруды қолға алған. Бұл кәсіпорынның жыл он екі ай дамылсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Шикізат Бразилия мен Мексика елдерінен тасымалданады. Жалпы елімізде қант өндіретін төрт зауыт бар. Оның екеуі Алматы облысында орналасқан.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...