Түркістан облысы Полиция департаментінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ауқымды спорттық сайыс ұйымдастырылды. Оған облыстың Түркістан, Сауран, Созақ, Кентау, Отырар, Ордабасы, Арыс және Бәйдібек аудандарындағы «Жас сақшы» полиция сыныптарының оқушылары қатысты.
Іс-шараны департамент бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ жасөспірімдерге қолдау көрсету мақсатында Түркістан және Кентау қалаларының ішкі істер органдарының ардагерлері де арнайы қатысты.
Байқау спорттың үш түрі бойынша өтті: шахмат, үстел теннисі және эстафета. «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары өздерінің шеберліктері мен білім-біліктерін, ойлау қабілеттерін және ептіліктерін көрсетті.
Жарыс нәтижесі бойынша:
Шахматтан:
І орын – Арыс ауданының Бақкелді
ІІ орын – Ордабасы ауданының Дінмұхаммед
ІІІ орын – Түркістан қаласының Алсу
Үстел теннисінен:
І орын – Отырар ауданынан Табылхан
ІІ орын – Түркістан қаласынан Дамир
ІІІ орын – Бәйдібек ауданынан Бексұлтан
Эстафетадан:
І орын – Кентау қаласының «Заң сақшылары» командасы
ІІ орын – Бәйдібек ауданының «Болашақ» командасы
ІІІ орын – Арыс ауданының «Барыс» командасы
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Полиция департаменті басшылығының атынан алғыс хаттар табысталды.
Жас полиция сыныптары — жауапкершілік пен тәртіптің мектебі. Аталған іс-шара жасөспірімдердің бойына батылдық, ептілік, әділдік және елге адал қызмет ету сынды қасиеттерді дарытуды мақсат етті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі