Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Алматы облысында алғаш рет асқазанға ота сәтті жасалды

Танымал

Ел аузында

Алматы облысында алғаш рет бариатриялық-метаболикалық ота жасалды. Аймақ үшін маңызды бұл жоғары технологиялық хирургиялық ем-шара Іле орталық аудандық ауруханасында өткізілді.

Отаны медицина ғылымдарының докторы, Семіздік пен қант диабеті хирургиясы орталығының жетекшісі, профессор Орал Базарбайұлы Оспановтың қатысуымен жүзеге асырылды. Сондай-ақ операцияны Іле аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Аңсат Нұрмолдаұлы Таубалдиев және хирург Әділхан Бақбергенұлы Карипбаев жүргізді.
Бариатриялық-метаболикалық операция — семіздікті және онымен байланысты ауруларды (әсіресе 2 типті қант диабетін) емдеуге арналған хирургиялық әдістердің жалпы атауы. Бұл операциялардың негізгі мақсаты салмақты тұрақты түрде азайту және зат алмасуды жақсарту болып табылады.

«Мұндай оталардың аудандық деңгейдегі ауруханаларда жасалуы — халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам. Бұл пациенттерге тиімді әрі заманауи емді тұрғылықты жерінде алуға мүмкіндік береді. Іле аудандық ауруханасының кәсіби дайындығы мен заманауи хирургия бағыттарын дамытуға деген талпынысын ерекше атап өткім келеді»,- деді Орал Базарбайұлы.

Айта кету керек, медициналық қызмет толықтай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін көрсетілді. Бұл пациентке қажетті және уақытылы жоғары білікті медициналық көмекті ешқандай қаржылық шығынсыз алуға мүмкіндік берді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекеме қызметкерлері зейнеткер Құлжановтың отбасына қуаныш сыйлады

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекеме қызметкерлері зейнеткер Қуаныш Ергазыевич Кулжановтың отбасынаарналған жаңа жылдық ғажайып сыйлады. Жаңа жыл қарсаңында Абай облысы...