Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-1 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Оралда спорт мектебінің директоры қамауға алынды

Танымал

Ел аузында

Оралда мамандандырылған әкімшілік сот 42 жастағы Қанат Жанғалиевке қатысты үкім шығарды. Олимпиадалық резервтегі спорт мектеп-интернатының директоры көлікті мас күйде жүргізгені үшін ұсталған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО облыстық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, 17 наурызда таңғы бестер шамасында спорт мектебінің директоры қызметтік көлікті мас күйде жүргізген. Сот-медициналық сараптамасы интоксикацияның орташа дәрежесін анықтаған. Қанат Жанғалиев өз кінәсін мойындады.

«Сот Қанат Жанғалиевті ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы» бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жасазын тағайындады», – деді сот өкілдері.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы Жанғалиев қазір еңбек демалысында екенін атап өтті. Ол олимпиадалық резервтегі спорт мектеп-интернатының директоры болып бір жылдан астам уақыт жұмыс істеген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Халықаралық сенім мен ел имиджін нығайту жолындағы үлкен қадам

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі додасы өтуі әбден мүмкін. «Алматы қаласында құрлықаралық бұл доданы өткізуге...