Алматыда жеті нысанға мина қойылды деген хабар түсті

Танымал

Ел аузында

Алматыда жеті нысанға мина қойылды деген хабар түсті. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полиция департаментіне қалада үш банк, екі сауда және ойын-сауық орталығы, әуежай және оқу орнына мина қойылды деген хабар түскен. Қазір қаланың шұғыл жедел қызметтері нысандарды тексеріп жатыр. 

«Алматы Полиция департаменті қызметкерлері нысандардың үшеуін тексеріп үлгерді. Ақпарат расталмады. Тексерісті саперлер арнайы техникамен жүргізіп жатыр. Қауіпсіздік мақсатында барлық нысаннан барлық қызметкер мен келушілер эвакуацияланды», – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алматы халықаралық әуежайы да ақпаратты растады.

«Әуежай терминалы аумағында бомба қойылғаны туралы ақпарат түскенін растаймыз. Қауіпсіздік хаттамасына сәйкес, жолаушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды», – деді әуежай баспасөз қызметінің өкілдері. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде педагогикалық практиканың нәтижесі қорытындыланды

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Теориядан тәжірибеге: болашақ мұғалімдердің педагогикалық практика нәтижелері» атты бітіруші курс білім алушыларының...