ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100 ОҚУШЫҒА ЕРЛІК САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, батырлық пен ерлікті дәріптеу бағытындағы тәрбие жұмыстары жалғасуда.

Осы мақсатта Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандық білім бөліміне қарасты №10 жалпы білім беретін мектепте 100 оқушының қатысуымен тағылымды тәрбие сағатын өткізді.

Іс-шара барысында 2011 жылы 12 қарашада Тараз қаласында қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың өмірі мен ерлігі кеңінен таныстырылды. Қылмыскердің қолындағы гранатаны айналасындағы адамдарға қарай лақтыруына жол бермей, өз денесімен жауып қалған батыр полицейге осы жанқиярлығы үшін «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілгені айтылды.

Кездесуге мектеп оқушыларымен қатар «Жас сақшы» сыныптарының мүшелері де қатысты. Оларға ел тыныштығын күзету, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және Отанға адал қызмет ету әр азаматтың маңызды міндеті екені жеткізілді.

Мұндай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, ел қорғаған ерлердің ерлігін ұмытпауға үндейді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында сталкингтің алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған кездесу өтті.Іс-шараға спикерлер ретінде тележүргізуші және қоғам қайраткері...