Танысым екі бөлмелі үй алыпты. 13 миллион тұратын үйдің бастапқы жарнасы 2 миллионын төлеген. Қалған 11 миллионды банктен алған. Сонымен ай сайын 160 мың төлейді екен. 15 жыл бойы.
Бір жылда 2 миллион кредит төлесе, он бес жылда 30 миллион төлейді екен. Сонда 11 миллион кредитті 30 миллион қылып қайтарады. Мынау халықты таза қанау ғой! Жаңадан ашылған Ұмай бағдарламасы да тура осылай екен. 16,5 миллионның үйін алсаң он жыл бойы айына 248 мыңнан төлейсің. Қалған үш жылын 242 мыңнан төлейсің. Сонда 16,5 миллионға алған үйіңді 38 миллионмен жабады екенсің. Алған ақшаңның үстіне 22 миллион қосып бересің. Біз капитализмнен феодализмге өтіп бара жатқан жоқпыз ба?
Фейсбуктегі парақшасынан