Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Біздің елде халыққа пайдалы дүниелер неге уақытша және шалажансар, а?

Танымал

Ел аузында

Біздің елде халыққа пайдалы дүниелер неге уақытша және шалажансар, а? Елдің жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатының аз бөлігін қажетіне жаратып, жыртығын жамап бастағаны сол еді шекті мөлшерді көтеріп жіберді. Ертеңнен бастап шамасы жеткен алады, қалғаны бұйырған уақытқа дейін тырбана бермек.

«Артспорт еду» алаңы арқылы бала-шағамыз тегін үйірмеге барып қуанып жүргелі көп болмаған. Оның да бюджеті басталмай жатып «суалатын» сынды. Ертеңнен бастап ұлым тегін шахматқа бара алмайды. Себебі спорттық секцияларға бөлінетін қаржыны Нұр-Сұлтан қаласы игеріп бітіп қойды-мыс. Шығармашылық секцияларды да қаржыландыру мамырда тоқтайды деген соң ата-аналар петицияны бұрқыратып жатыр. Әзірге нәтиже жоқ. Бұл бағдарламада біраз шикілік бар, жасырып керек емес. Мәселен, «Шешендік өнер» сабақтарына бөлінетін қаржыға қызыққандар мұғалімге сертификат жасап бересіз бе деп хабарласты. Курс ашып жатыр едім, оқу бағдарламасын сатыңызшы, ораторлық өнерден сабақ беретін мұғалім тәжірибесіз, жеке консультация өткізсеңіз деп қолқа салғандар қаншама. Бала сабаққа келмесе де табельге + қойғысы келгендерді білеміз. Бұл ретте әр ата-ана талапшыл, біреуден қағып орын алғаннан кейін жауапкершілікті болғаны дұрыс. Педагог таңдағанда да тегін оқытса болды деген көзқарасты ысырып қою керек. Сонда бәсекеге шыдас бергендер мен нағыз мамандар шоғырланғаны жобада қалады.

Қалтасы көтермейтін болған соң үйірмеге бере алмай, бала-шағасы телефон мен тв-ға байланған ата-аналардың алғыстан басқа айтары жоқ. Өз балаларым Бейбітшілік және келісім сарайындағы орталыққа жазылды. Балет, домбыра, вокал, шахматқа тегін барып жүр (ді). Педагогтары мықты. Есеп беру концерттері ұдайы өтіп жатады. Ал егер мемлекеттен қаржыландыру тоқтаса ары қарай жалғастыра аламыз ба, жоқ па, белгісіз. Көп балалы отбасына 4-5 үйірмені төлеу қиын-ақ. Бұған кей пәндерден репетиторды қосыңыз. Мәдениет және спорт министрлігі, қалалық және облыстық әкімдіктер өскелең ұрпақты бұл жеңілдіктен айырмас деп үміттенемін. Әйтпесе бұл «Балалар жылында» балаларға жасалған үлкен әділетсіздік болады!

Мәншүк Шымырбай

Фейсбуктегі парақшасынан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда дәстүрлі «КӨКТЕМ КӨРКІ-ҚЫЗҒАЛДАҚ» фестивалі өтті

Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» ұйымдастырған Экология және биология бөлімінде жыл сайынғы «Көктем көркі – қызғалдақ» қалалық фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты...