Ресейліктер Белгородтағы мұнай қоймасындағы өрттің Украина әуе соққысы салдарынан болғанын мәлімдеді

Танымал

Ел аузында

Белгород қаласындағы мұнай базасынан өрт шықты. Ресейліктердің болжамынша жалының шығу себебі аумаққа кірген Украина әскерінің екі тікұшағының төмен биіктіктегі соққысы нәтижесінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Украинская правда” порталына сілтеме жасап. 

Бір апта бұрын Гладков Украинадан атылған снаряд аймақта жарылғанын айтқан болатын. Журавлевка және Нехотеевка деген екі ауылда төтенше жағдай режимі енгізіліп 180-ге жуық адам Белгородқа көшірілді. Екі күн бұрын Кремль бақылайтын басылымдар Белгородтағы әскери лагерь аумағында жарылыс болғанын хабарлап, жараланғандар бар деп хабарлады.

Кейін ресейлік РБК үгіт-насихат басылымы Белгородтағы мұнай базасында болған жарылыста түсірілген видеоны жариялады.

Бақылау камерасының бейнежазбаларында алдымен жалын байқалады, кейін жарылыс болған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қысқа сөзге сыйған терең мағына: Нақыл сөздер жинағы жарық көрді

Жақында оқырман қауымға автор Динара Бердімұраттың нақыл сөздер жинағы жол тартты. Еңбек, адалдық, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарын арқау еткен...