Анар Батырхан ақ келін атанғанын хабарлады

Танымал

Ел аузында

Танымал әнші әрі актриса Анар Батырхан ақ келін атанғанын хабарлады. Анар қуанышты жаңалығын жеткізіп, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мені алып қашты! Қазағымызға +1 келін», –  деп жазба қалдырды Анар желідегі парақшасында. 

Алайда көпшілік бұл 1 сәуір күнгі әзіл деп болжады. Әдетте жаңа түскен келіннің басына ақ орамал жабылады. Ал Анар суретте қызғылт сары түстес орамал тартып алған. 

«Жаңа түскен келінге ақ орамал тағады. Үстіңдегі халатыңды айтпай-ақ қояйын», «1 сәуір ғой», «Бұл күні ешкімге сенуге болмайды», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін отандық телеарнаға берген сұхбатында Анар тойдың ауылы алыс емес екенін айтқан еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...