Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Жапонияда кәмелеттік жас төмендетілді

Танымал

Ел аузында

Жапонияда 140 жылда алғаш рет кәмелеттік жас 20-дан 18-ге өзгертілді. Азаматтық кодекске енгізілген түзетулер 1 сәуірден бастап күшіне енді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Жаңа заң бойынша, 18 жасқа толған қыз-жігіттер ата-анасының рұқсатынсыз некеге тұра алады. Бұрынырақта қыздар 16 жаста, ал ер азаматтар 18 жаста отбасын құра алатын. 

Азаматтық кодекске енгізілген жаңа өзгерістерге байланысты, екінші азаматтығы бар жапондықтар енді тек бір елдің азаматтығын таңдауға мәжбүр болады. 

Атап өтетін жайт, заңға енген өзгерістерге қарамастан, кәмелеттік жасқа толғандар әлі де табак, алкоголь өнімдерін сатып ала алмайды, сол сияқты құмар ойындарға қатысып, ақша тіге алмайды. Бұған тек 20 жастан бастап рұқсат етіледі. 

Сайлауға қатысу тәртібіне келсек, 2016 жылдан бастап бұл елде 18-ге толғандар дауыс бере алады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қызылордада визажист пробация есебіндегі азаматшаларға макияж жасауды үйретіп, сертификат табыстады

Қызылорда облыстық Жастар ресустық орталығында  визажист  Серік Арайлым қыз-келіншектерге  тегін шеберлік сабағын өткізді. Бұл шараға Қызылорда қалалық пробация есебіндегі...