Қазақстанда инфляция бірден 12 пайызға өсті

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда инфляция 8,7 пайыздан бірден 12 пайызға өсті. Ең алдымен азық-түлік тауарлары қымбаттады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросы деректеріне сілтеме жасап.

2021 жылғы наурызда инфляция 8,7 пайыз болған. Бюро мәліметі бойынша, 2022 жылғы наурыздың аяғында Қазақстандағы инфляция 12 пайызға дейін өскен.

«2022 жылғы наурызда тұтыну бағаларының индексі өткен аймен салыстырғанда 103,7 пайыз болды. Азық-түлік тауарлары 5,8 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 2,8 пайызға, ақылы қызметтер бағасы 1,4 пайызға өсті», – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері тұтыну тауарлары мен қызметтерге баға мен тарифтер 5,2 пайызға, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 8,2 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарларға – 3,6 пайызға, ақылы қызметтерге – 2,6 пайызға өсті.

Бұған дейін «Қазақстан тұтынушылар лигасы» қауымдастығының жетекшісі Светлана Романовская соңғы апталарда көп өнімдер 30-40 пайызға қымбаттағанын айтқан болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...