Украинада соғыс басталғалы бері батыс елдері 300-ге жуық ресейлік дипломатты қуып жіберді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ресейлік «Риа Новости» агенттігі жеткізгендей, бүгін, яғни 5 сәуір Испания 25, Италия 30, Дания 15 және Швеция 3 елшілік қызметкерін өз елдерінен шығарды. Кеше, 4 сәуірде болса, Франция 30-ға жуық, Германия 40 ресейлік дипломатты РФ тарапына аттандырған.
Литва мен Латвия Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынас деңгейін төмендетіп, Мәскеуден елшілерді шақырып алудан тыс, Ресей елшілері Рига мен Вильнюс аумақтарынан кету керек деп санап отыр.
«Наурыз айында Нидерланды 17 дипломатты, Бельгия 21, Ирландия 4, Чехия 1, Солтүстік Македония 5, Польша 45, Болгария 10 дипломатты қуды», – деп келтірілген дерек авторлары өзге де еліне қайтарылған РФ Сыртқы істер министрлігі қызметкерлерін санап, АҚШ ақпан айының өзінде БҰҰ жанындағы 12 дипломат пен елшіден кейін екінші орында тұрған ресейлік кеңесші-өкілді артқа жолдағанын еске алады.