Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Батыс елдерінен 300-ге жуық ресейлік дипломат қуылды

Танымал

Ел аузында

Украинада соғыс басталғалы бері батыс елдері 300-ге жуық ресейлік дипломатты қуып жіберді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресейлік «Риа Новости» агенттігі жеткізгендей, бүгін, яғни 5 сәуір Испания 25, Италия 30, Дания 15 және Швеция 3 елшілік қызметкерін өз елдерінен шығарды. Кеше,  4 сәуірде болса, Франция 30-ға жуық, Германия 40 ресейлік дипломатты РФ тарапына аттандырған.

Литва мен Латвия Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынас деңгейін төмендетіп, Мәскеуден елшілерді шақырып алудан тыс, Ресей елшілері Рига мен Вильнюс аумақтарынан кету керек деп санап отыр.

«Наурыз айында Нидерланды 17 дипломатты, Бельгия 21, Ирландия 4, Чехия 1, Солтүстік Македония 5, Польша 45, Болгария 10 дипломатты қуды», – деп келтірілген дерек авторлары өзге де еліне қайтарылған РФ Сыртқы істер министрлігі қызметкерлерін санап, АҚШ ақпан айының өзінде БҰҰ жанындағы 12 дипломат пен елшіден кейін екінші орында тұрған ресейлік кеңесші-өкілді артқа жолдағанын еске алады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана

Жиырма бірінші ғасыр технологияның нағыз дамыған кезеңі. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін гаджетті қалай қолдану керек екенін жатқа біледі....