Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылды

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы 1965 жылы туған. 1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1987 жылы Қызылорда облыстық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының бас инспекторы қызметінен бастаған.

1995-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жауапты қызметтер атқарған.

2003 – 2005 жж. – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2005 – 2006 жж. – «Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы.

2006 – 2007 жж. – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2007 – 2008 жж. – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы.

2008 – 2009 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2009 – 2012 жж. – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2012 – 2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2013 – 2014 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары.

2014 – 2019 жж. – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

2019 жылдың ақпанынан 2019 жылдың тамызына дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

2019 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2008-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы болды.

2020 жылдың 28 наурызынан бері Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарды.

Бұған дейін Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...