Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Қаңтар оқиғасы салдарын жоюға бюджеттен 37 миллиард теңге бөлінеді

Танымал

Ел аузында

Қазақстан қаңтар оқиғасының салдарын жоюға 37 миллиард теңге бағыттайды. Бұл туралы мәжілісте 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын таныстырған қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айтуынша, биыл президенттің тапсырмаларын іске асыруға қосымша 1,8 триллион теңге бөлінеді.

«Қаңтар оқиғасының салдарын жоюға 37 миллиард теңге жұмсалады. Оның ішінде Алматы қаласында және басқа өңірлерде зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетуге 21 миллиард теңге бөлінеді», – деді Савельева.
Жалпы ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, ШОБ-ты қолдауға қажеттілік 45 миллиард теңгені құраған. Бұған дейін үкімет резервінен 24 миллиард теңге бөлініп қойды.

Ал жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген әкімшілік, әлеуметтік және коммуналдық нысандарды, инфрақұрылымды қалпына келтіруге 10 миллиард теңге бөлінеді. Жалпы қажеттілік – 22 миллиард теңге, үкімет резервінен 12 миллиард теңге қарастырылған.

Сондай-ақ Алматы қаласындағы президент резиденциясы ғимаратын сүруге 6 миллиард теңге қарастырылып отыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...