Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Бірнеше министрлік 15 млрд теңге бюджет қаржысын игере алмады – Қаржы министрі

Танымал

Ел аузында

2022 жылдың бірінші тоқсанында министрліктер 15 млрд теңге бюджет қаражатын игере алмады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің мәліметінше, жергілікті бюджеттердің кірістері 125,7 пайызға атқарылды және 1 трлн 125 млрд теңгені құрады. Жоспар 230 млрд теңгеге, оның ішінде салық бойынша 203 млрд теңгеге асыра орындалды. Кіріс бойынша жоспар Маңғыстау облысын қоспағанда, барлық дерлік өңірде асыра орындалып отыр. 

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары – 99, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,5, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,8 пайызға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 4 трлн теңгеге жуық шығыс жүргізілді. Атқарылмаған сома – 20 млрд теңге, оның ішінде 5 млрд теңге – үнем. Игерілмегені – 15 млрд теңге. Игерілмеген неғұрлым ірі сома Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Сыртқы iстер, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасты»,- деді ол. 

Ерұлан Жамаубаев қаражаттың игерілмеуіне шарттарды ұзақ жасасу, төлем негізділігін растайтын құжаттардың жоқтығы немесе ұсынылмауы, төлеуге берілетін шоттардың қазынашылық органдарына кеш ұсынылуы, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың өткізілмеуі, есепті айда қаражат жұмсау қажеттілігінің болмауы себеп болғанын айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...