Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9.8 C
Nur-Sultan
32 C
Almaty
29 C
Shymkent

Елімізде «7-20-25» бағдарламасы ұзартылмақ

Танымал

Ел аузында

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «7-20-25» бағдарламасы ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр Қайырбек Өскенбаевтің айтуынша, бүгінде халық та, банктер де бағдарламаның жалғасқанын қолдап отыр.

«7-20-25″ бағдарламасы аяқталуға таяу. Бірақ халық та, банктер де бұл бағдарламаны ары қарай жалғастыруды ұсынып отыр. Біз де ол мәселені көтеріп, ұлттық банкке өз ұсыныстарымызды беріп жатырмыз. Бірақ қандай шешім болатыны әзірше белгісіз. Оны әлі ақылдасып жатырмыз», – деді Өскенбаев үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша дайын жаңа баспананы сатып алуға болады. Алайда өтініш беруші тұлғаның атында ешқандай баспана болмауы керек.

Мөлшерлеме – 7%, ең төменгі жарна – кемінде 20%-і, мерзімі – 25 жылға дейін. Бағдарламаның нақты мерзімі жоқ.

Бірақ оған бөлінген 1 триллион теңге көлеміндегі соманы игергеннен кейін бағдарламаны жабу жоспарланып отыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік...