Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4.9 C
Nur-Sultan
17.2 C
Almaty
18 C
Shymkent

Индустрия министрі жеңіл көлік бағасының не себепті қымбаттағанын айтты

Танымал

Ел аузында

Үкімет отырысынан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңіл көлік бағасының қымбаттау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің айтуынша, елімізде құрастырылатын көлік бағасының өсуі шетелден келетін бөлшектердің қымбат болуы әсер етіп отыр.

«Биыл көлік шығаратын әр зауытқа өз бағдарламасын бекіттік. Қай жылы және қандай өнімдер өз ішімізде шығарылуы керектігін анықтадық. Өкінішке қарай оны тез арада алмастыру мүмкін емес. Әр шығаратын қосалқы бөлшекке шетелдік зауыттан сертификат алуымыз қажет. Мысалы, Hyundai көлігі болса, оның ішіне салынатын затты шығаратын болсақ, онда «сіздердің көліктеріңізге өз бөлшектерімізді салуға бола ма» деп рұқсат алуымыз керек. Ал оған ұзақ уақыт өтеді. Яғни, бұл дегеніміз мәселе қолымыздан келмегеннен емес, тіркеу рәсімдері өте ұзаққа созылып жатқандығында», – деп түсіндірді Қайырбек Өскенбаев.

Сонымен қатар Өскенбаев құны 10 млн теңгеге дейінгі отандық көліктерді сатып алуға 4 пайыздық жеңілдікпен несие берілетіндігін атап өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік...