Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
12.4 C
Almaty
12.8 C
Shymkent

Marwin – «Меломан» дүкендерінің қазақстандық желісі «Z» символы үшін сынға қалды

Танымал

Ел аузында

Ойыншықтар, кітаптар және мультимедиялық өнімдер дүкендерінің Қазақстандағы желісі Marwin – «Меломан» Z символына байланысты сынға қалды. Қазақстандықтар аталған дүкенді соғысты насихаттады деп айыптап, жұмысына бойкот жариялауды ұсынуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бұл Алматыдағы «Меломан» дүкені, Гоголь көшесінің бойында орналасқан бөлімшесі дейді. Көріп тұрғандарыңыздай «Z» белгісін бадырайтып, ерекше етіп жазыпты. Бұл белгіні өздері қалай түсіндірер екен?!», – дейді желі қолданушыларының бірі Асхат Қасенғали.

Тарихшы Айнаш Керней бұл соғысты насихаттау екенін айтып, дүкен жұмысына бойкот жариялау қажет екенін айтады.

«Соғысқа үгіттеуге жол жоқ! Балалар (!) тауарлар дүкені Marwin (Meloman) соғысты насихаттап отыр. Қазақстанда соғысты насихаттауға тыйым салынғанын ешкім ұмытпауы керек», – дейді белгілі блогер – тарихшы Айнаш Керней.

Өз сөздерінің дәлелі үшін олар киімдеріндегі «Ревизор» сөзіндегі «з» әрпін «Z» белгісімен ауыстырылған дүкен қызметкерлерінің фотосуреттерін қоса жариялаған.

Айта кетейік, Украинаға басып кірген орыс әскерлері өз әскери техникаларында «Z» және «V» таңбаларын пайдаланады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік...